Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ерлерге қандай әйелдер көбірек ұнайтынын анықтады

Миннесота штатындағы Аугсбург университетінің ғалымдары ерлерге қандай әйелдер көбірек ұнайтынын зерттеді. Бұл туралы  Daily Mail хабарлады.

Нәтижесінде, ерлерге қара шашты әйелдерден гөрі шашының түсі сары әйелдер көбірек ұнайтынын көрсетті.

Зерттеушілер 110 ер адамға арқасымен қарап түскен шаштары сары және қара түсті әйелдердің суреттерін көрсеткен. Ерлердің көбі сары шашты әйелдерді тартымдырақ деп тапқан.

Ғалымдар мұны жас өткен сайын шаштың түсі күңгірттене түсетіндіктен, шаштарының түсі ашық әйелдер жасырақ көрінетіндігімен түсіндірді.

Дегенмен ерлердің басым бөлігі отбасын құру үшін шашының түсі қара немесе қоңыр әйелдерді таңдайтынын айтады. Ерлердің ойынша, шашының түсі сары әйелдердің мінезі жеңілтек келеді.

Тағы оқыңыз:

67 жастағы аспаз улы палау пісіріп, өзі сол асқа уланып қайтыс болды

Алматыдағы “Үш-қоңыр” базарында өрт шықты

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты

Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін біле алатын болды

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Қаңтар, 2018 12:35
Талқылау