Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ер адамдар әйелдерге қарағанда бағытын тез табады

Ғылыми тәжірибе көрсеткендей,  расымен әйелдерден гөрі ер адамдар өз мақсатына жолын тез арада табады.

Бұл ақпарат Behavioral Brain Research журналында жариялады.

 

Көне заманның өзінде ер адамдар – аң ауласа, әйел адамдар – оны жинайтын. Сол кезден-ақ екі жыныстың миы екі түрлі жұмыс істейтіні белгілі болған.  Мәселен, өткенде ғалымдар ер адамдар әйелден гөрі өздері орналасқан жерді тез арада тауып бере алатынын. Ал әйелге үйдің ішінен бір затты тауып беруге қолайлы екенін анықтаған. Сол кезден бастап ғалымдар ер адамның әйелден гөрі  кеңістікте тез бағыт таба алатындығы таң қалдырған еді.

Бұл жөнінде тіпкі екі түрлі пікір қалыптасты. Бірі – ағзадағы бөлінетін гормондардың жиынтығы немесе  ми құрлымының өзгешелігінен  айырмашылығы бар десе, енді бірі – ер адамның артықшылығы білімі мен  тәрбие негізделеген әлеуметтік факторларға байланыстырды.

Норвегиядағы Ғылыми-технологиялық  институттың ғалымы Карл Пинтск осы бойынша зерттеуге еріктілерден 40 шақты адам жинап, оның 18 әйел, 18 ер адам топтастырды. Артынан оларға виртуальді ақиқатта тест өткізген. Сол теста барысында  ғалымдар магниттік резонанстық томографияны пайдалана отырып қатысушылардың миының жұмыс істеуін тексерген.

Сонда әр раунд сайын қала ішіндегі белгіленген бір затты табуына 30 секунд беріліп отырған. Арасында заттың орны өзгертіліп тұрған. Немесе  заттың орнын емес, қатысушылардың виртаулді аватарын өзгерткен. Ондайда қатысушылар орны өзгеріссіз тұрса да затты іздеудің жаңа жолын қарастырған екен.  Нәтижесінде ер адамның 50 пайзы әйелден гөрі тез шешімін табатынын.  Және биологиялық деңгейде ер адамның феномені барын көрсетеді. Навигациялық тапсырмаларды шешерде ер адамдар жадының ортасын пайдаланса, әйелдер  мидың маңдай бөлігіндегі жарты қыртысын пайдаланған.

Ғалымдар бұл айырмашылықты ашқан соң, мұның бәрі гормонға қатысы бар-жоғын анықтамақшы болды. Содан әйелдерден тұратын еріктілер тобын жинады. Сөйтіп, экперимент алдында олардың жартысына тестостерон берді.  Бірақ тестостерон әйелдерге көмектеспеді. Алайда мидың жұмыс істеуін өзгеріп, олар мидың орта тұсын пайдаланған. Сонымен қатар, әйелдер лабиранттің құрлымын тез жаттап ала алды. Бұл зерттеуде де ер адамның әйелден гөрі кеңстікте тез бағыт таба білетіндігіне көз жеткізді.

Талқылау