Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар байлықтың махаббатқа әсерін анықтады

Пекин педагогикалық университетінің ғалымдары адамдар арасындағы романтикалық қарым-қатынасы тек сезім мен эмоцияға ғана әсер етпейтінін анықтаған. Олар адам өзін қаншалықты бақытты әрі баймын деп өзгелермен де салыстырады дейді.

82052b34c4f90bfa92dfaa0ab2253d3e

Сурет lime.apostrophe.com.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Ғалымдар ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас кезінде ақшаның қаншалықты маңызды рөлге ие екенін анықтауды мақсат тұтқан. Олар міндетті түрде бір гетеросексуалды серіктесі бар қытайлық студенттермен екі психологиялық зерттеу жүргізген.

Алғашқы сынаққа 182 ерікті қатысады. Оларды жеребе арқылы жағдайы жақсы және кедей деп бағалап екі топқа бөліп монеталарды таратып берген. Оларға өздерінің жағдайы мен серігінің қаншалықты әдемі екенін бағалау ұсынылған. Жағдайы жақсы ер адамдардың аз бөлігі серігінің сексуалды белсенділігіне қанағаттанатынын айтқан, ал біразы қысқа мерзімде көңіл жарастыруды жөн деп тапқан. Ал өзін бай санайтын әйелдер ер адамның сырт келбетіне қатысты қатты талап білдірмеген.

Ал екінші сынаққа 56 адам қатысыпты. Оларға қарсы тарапты жыныстағы адамның суретін көрсетіп, өзін қаншалықты бай немесе кедей санайтынын айту ұсынылған. Қатысушыны бірнеше үстелдер тұрған бөлмеген шақырып, кез-келген тамақ жеуді сұрайды. Бұл ретте оған суретте көрсетілген адам отыратын үстел нұсқалған.

Нәтижесінде, бай адамдардың қарама-қарсы жыныстағы бай әрі әдемі адаммен байланыс құруға кет әрі еместігі анықталған. Осылайша бай ер адамдар сұлу әрі ауқатты әйел үшін, тұрақты серігімен де қарым-қатынасты үзе салуы мүмкін екен.

Талқылау