Ғалымдар баланы шапалақпен ұру зиянды деген байлам жасады
Балаларды шапалақпен көп ұру оларды агрессиялы мінезге тәрбиелей түседі екен. Шапалақ көп жеген сайын, олар өз ата-анасына қарсы шығып, тіпті қоғамға қарсы қылмыстар ұйымдастыруға бейімделе түспек, тіпті оқуда да сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.

Сурет obozrevatel.com
Мұндай шешімге америкалық ғалымдар жүйелі зерттеуден соң келген. Зерттеу барысында соңғы 50 жылдағы барлық физикалық жазалау түрлерін салыстырған.
Ғалымдар тек ғана шапалақ түрлерін зерделеген. Олар үлкен қиындықпен 160 мың баланың ақпаратын алған. Ата-анасы шапалақпен көп ұрған балалар 13 жасынан 17 жасқа дейін қырсық кедергілерге жиі ұрынады.
“Баланы шапалақпен тәртіпке келтіру арқылы оның ашушаңдығын, ызасын тудырып алуымыз мүмкін”, – дейді ғалым Элизабет Герсхофф.
Олар сондай-ақ, шапалақпен ұрудың ұзаққа жететін әсерін де зерттеген. Бала кезінде көп шапалақтан таяқ жеген бала, есейген соң да өз баласын таяқпен тәрбиелеуге құмартып тұрады екен.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін