Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамдардың көбінесе аптаның қай күнінде қайтыс болатынын анықтады

Ғалымдар адамдардың аптаның қай күнінде көп қайтыс болатынын анықтады. Мұнымен қатар, апта күні мен өлім себебінің арасында байланыс бар екенін дәлелдеді.

Бұл туралы LiveScience  хабарлайды.

LiveScience  ресурсының мамандары аптаның қай күнінде адамдардың көбірек қайтыс болатынын анықтады. Олар 1999-2014 жылдар аралығындағы өлімдер тіркелген Американың денсаулық ұйымының мәліметіне сүйенген екен. Осы уақыт аралығында 39 миллион өлім тіркелген екен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, көп адамның сенбі күні қайтыс болғаны анықталған. 5,7 миллион адам осы күні қайтыс болған екен. Ал қалған күндердің нәтижесі өзара бірдей.

Мұнымен қатар, ғалымдар апта күндері мен өлім себебінің арасында байланыс бар екенін анықтаған. Мысалы, дүйсенбі, сейсенбі күндері адамдар жүрек талмасы салдарынан қайтыс болады екен. Ал сенбі күні көбісі нашақорлық салдарынан, жексенбі күндері оқ тию салдарынан көз жұмған.


Жіберіп алмаңыз:

20 жастағы қыз аяғының ұзындығы бойынша рекорд орнатты (фото)

Смартфонның сынып кетуінің 5 себебі

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған

Талқылау