Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалым қар адамы мен оның баласын таспаға түсіріп алды (видео)

Нью-Йорк штатында орналасқан Гаррисон қаласының дендрологы өзінің ұялы телефонына сирек кездесетін видеоны түсіріп алды, бейнежазба қазір желіде кеңінен талқылануда.

Табиғат аясына шыққан америкалық кенеттен қар адамына кезігіп қалады. Ғалымның айтуынша, қар адамы өзінің балаларымен орман ішінде жүрген. Ол екі аяғымен жүрген екен және үстіндегі жүні сұрғылттау болған.

Айта кетерлік жай, бұл видеоны ғалым екі жыл бұрын түсірген екен, техникалық ақауларға байланысты оны сол кезде еш жерге жарияламаған.

Енді желіде видеоны көрушілердің пікірі екіге жарылды: бір топ объективте нағыз қар адамы көрсетілген десе, келесілері видеомонтаж екендігін айтады.


Талқылау