Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының жартылай финалына шықты. 48 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда тунистік Умама Бедиуиді ұтса, екінші белдесуінде тайпейлік Чен-Хао Линді жеңді. Ал ширек финалда түрік балуан Тугче Бедерден басым түсіп, жартылай финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда Ширин Буклиге қарсы белдеседі.

Айта кетейік, бұл салмақта сынға түскен басқа балуандарымыздың барлығы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады. 

Талқылау