Ғаламторда би билеген «Ауыл қызы» танымал болды

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 13:19

Инстаграм желісінде Әйгерім Бақытжан есімді арудың биі танымалдылыққа ие болды. Оның биі Dubsmash_kaz парақшасында 14 тамыз күні жарияланды. Видеоны бір күн ішінде 170 мыңнан аса адам тамашалаған. Ауылдағы қазақ келінінің образын сомдаған биші қыз сынға қалды.

Screenshot_1
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Басына орамал, үстіне халат, аяғына тәпішке киген биші қыз нағыз ауыл қызының образын таңдаған. Артқы фоннан да саманнан жасалған ауыл үйлерін байқауға болады. Тіпті, бишінің қасында сыпыртқы жатыр.

Желі қолданушыларының бір легі «ауыл қыздары мұндай болмайды», «ауыл қызына ұят», «мұндай қылық қазақ қызына жараспайды», «мына биді енесіне көрсету керек» деп ұрысқан.

Биші қыздың өнеріне тәнті болғандар да аз емес. «Ауылдың қызы болсын, қаланың қызы болсын, жақсы билейді екен», «маған ұнады» – деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Ендігі топ қазақ қыздарын ауылдық-қалалық деп екіге бөліп, өзара ұрысуда.

Қала қыздарының атына неше түрліні жазып жатқан желі қолданушыларына ашынған Балжан есімді қолданушы: «Ауыл қыздарының бәрі бірдей жақсы емес, сол сияқты қаланың қыздарының бәрі бірдей жаман емес. Ол бұрынғы түсінік, қазір бәрі басқаша. Арын сақтаған қаланың қыздары да бар. Арын сатып, қаланың әр клубын тоздырған ауылдан шыққан қыздар да көп. Сол үшін біреуге бірдеңе деп күйе жақпастан бұрын, салынған видеоның астындағы сөздерді дұрыстап оқып алыңыздар! Билеп тұрған қыздың парақшасы да тұр, қарап өнерімен танысыңыз одан да. Ол – биші қыз! Ауыл қызының образына кіріп, билеп көргені болар әзіл ретінде. Осы жерде отырып алып жаман пікір жазатын қыз-келіншектерді былай қойғанда, ерлеріміз де қалыспайды екен, оқып отырсам. Жарайды енді, әйел адамға жарасар әңгімеге жақын жандар ғой, бірақ қазір ерлеріміз ұсақталып бара жатыр», – деп пікір білдірген.

Оцените танец от “Ауылдың қызы” 😅😘 Автор @unesskz #DUBSMASH_KAZ #танцы

Видео опубликовано DUBSMASH_KAZ Videos (18+) 🍉 (@dubsmash_kaz)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

27
Комментариев
  • Айнара says:

    Ой-ой-ой қарындас олай демеңіз
    Сөйлейді солай неге қыз?
    40 үйден қарауыл болса
    Қасыңа қалай келеміз?

  • Жұмбақ жан says:

    Ауылдын кызы билемейди деп ари айтты оларда адам билейди билегенде олтиреди

  • Анонимно says:

    Жаксы билейди,озине жарасып
    тур

  • Анонимно says:

    Еш сокеттеги жок маладец

  • Анонимно says:

    Керемет

  • Анонимно says:

    Мен өзімде ауылда туып өстім əлі ауылда тұрып датырмын бұл қарындасымызға ешқандай мін таға алмаймын.Қала дала деп мін тауып күйе жағыға болмайтын сиақты кім қайда өсседе санасында

  • Анонимно says:

    Красавица

  • Анонимно says:

    Биши кыз билесе онда турган не бар? Кандай образга кирсе де онер адамы ол- онер адамы.

  • Анонимно says:

    керемет !

  • Анонимно says:

    мына қыз қайдан үйренген ауылда

    • Анонимно says:

      Ауылдың қыздарда билейді көбісі ауылдан шыққандар емеспе енді басқа қайдан шығады

      • Анонимно says:

        Мейлі ауылдың қызы болсын, мейлі қаланың қызы болсын санасында түгел болса, ақылды болса ол өмірде опық жемейді. Бəрін өмірдің ағымына қарай игеріп алады. Санасыз болса бəрі бекер. Ал биі өте керемет. Əдемілік əрқашан да əдемі.

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар