Ғаділбек Жанай «Ханшайым» әні ұрланған дегендерге өз жауабын берді

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 12:05

Өткен жылы Ғаділбектің «Ханшайымым» әні хитке айналып, халық арасында жылдам тарап кеткен болатын. Әнін Ғаділбектің өзі жазған, сөзі Ринат Зайтовқа тиесілі. Алайда, жақында ғана әлеуметтік желілерде Ғәділбектің бұл туындысы армян әншісі Рипсимэ Акопяннан (Hripsime Hakobyan) ұрлағаны туралы сыбыс шықты. Осы орайда stan.kz тілшісі әншімен тілдескен едік.

maxresdefault

” Әннің бірінші куплеті ұқсайды дегенді естідім. Күніне қаншама ән шығып жатыр, кім біледі, естіген ән болуы да мүмкін, сондықтан ұқсап кетіп жатады кейде. Алайда, сондай аумайтын нәрсе емес енді, кейбір келетін аккордтары бар екен. Бір – біріне ұқсайтын әндер көп қой”, – деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, әнші жақында ғана осы әнге бейнебаян түсірді. Көрерменге 1-2 айдың көлемінде жол тартатын туындыда Ғаділбектің жақын досының жары басты рөлді сомдайды. Неге өзіңіздің жұбайыңызды түсірмедіңіз дегенге, «Ол ондай нәрсеге құмар емес. Үйдің, жанұяның адамы» -деді.

Ал клипте қазақ қызының инабаттылығы мен ибалылығы, үлкенге құрметі, кішіге ізеттілігі көрсетіледі.

” Қазір неше түрлі нашар дүниелер, атыс-шабыс, өлім деген нәрселер халықтың кішкене жүрегін ауыртып жатқан  заман болып тұр. Осындай кезеңде адамның жүрегіне жылылық ұялататын, ұлттық салт-дәстүрімізді көрсететін дүние түсірдік. Отбасы құндылығын, қазақилықты, келіннің ата-енеге құрметін, жарына деген сезімін, аналық мейрімін, келіндік инабаттылығын көрсетуге тырыстық”, – деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші бұл туындыны өзінің жарына арнап шығарған болатын. Бұған дейін желіде әннің ұрланғанын дәлелдеу үшін түпнұсқасын белсенділер  жариялаған болатын. Екі әнді салыстыру мақсатында біз де қос әуенді көрерменнің  назарларыңызға ұсынған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Аллахка шукир бул жигит улкен Адам болыптысэ. Тек жетистикке жеткен адамды журттын бари ангим етеди. Уксаса уксай берсин. Ани тартымды екен. Коре алмайтындарга айтарым, колыннан келсе менде солай исте

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар