Гүлзира Айдарбекова: Сіздерге абыроймен қартаюды тілеймін (видео)

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 9:52

Гүлзира Айдарбекова өзіне естен кетпес кеш сыйлаған жақындарына алғыс айтты. Мұнымен қатар, барша әйел қауымына абыроймен қартаюды тіледі.

17932020_188634504979499_6634032272385245184_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Гүлзира Айдарбекова өзінің 49 жасқа толған туған күнін атап өтті. Аталған кешке барша қазақстандық жұлдыздар жиналды. Кеш барысында продюсердің құрбылары оған тәж сыйлаған болатын. Гүлзира Айдарбекова мұндай сыйлықты ерекше ықыласпен қабылдағанын айтты. Мұнымен қатар, ол жолдасы мен ұлдарына ерекше алғыс білдірді.

«Осы бір туған күн кешімде етене араласып жүрген жақын достарым, арқа сүйер асқар тауым жолдасым және тұла бойым тұңғышым Қайратым менің көңлімді көтергілері келгендей болды. Әйтеуір бір тамаша есте қаларлықтай кеш болды. Менің желідегі достарым сіздер де ыстық лебіздеріңізді білдіріп менің төбем көкке жетуге сәл-ақ қалғандай болды. Мүмкін отбасымның және айналамды қоршаған ағайын дос-жарандарымның алдында қадірімнің болғаны шығар деген қуанышым да болды.

Рас, кейбіреулер «ойбай басына тәж киіп қойды» деп улы тілдерін сұқты. «Одан да өйтпей ме, бүйтпей ме» деген ақылгөйлерде табылып жатты. Ол да дұрыс шығар?! Бірақ замандас құрбыларым қолдан жасатып басыма тағып жатса, өзімнің жеке мейрамымда неге тақпасқа, неге қуанбасқа, неге бағаламасқа?! Жұрт не деседе менің бұл күні қуанышым шексіз болды. Екінші ұлым Астанада оқуынан келе алмаса да, Пекинде оқып жатқан кенже ұлымды көріп қуаныштарында шек болған жоқ.

«Осындай анамыздың барына шүкір» деп алғыстарын жаудырып жазу үстінде болды. Балаларымның мен үшін қуана білгені, менің жарқырап, менің күлімдеп жүргенім оларға қуаныш сыйласа, менен бақытты адам жоқ! Сол құрметке лайықты ана болуға тырысамын. Сіздерге де тілейтінім – абыроймен қартая білу. Мына видеодағы биімізде артық емес деген ойдамын. Үміт артқан балаларымыз бақытқа жеткізсе несі айып?! Қуанышты күндеріміз таусылмасын! Бір-бірімізді бағалай білейік! Сәттілік серіктеріңіз болсын!» – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары өз кезектерінде продюсердің еңбекқорлығын сөз етті. Мұнымен қатар, Қайрат Нұртастың видеодағы биіне қайран қалғандарын жазып жатты. «Қайраттай ұлды дүниеге әкелген бақытты жансыз. Сізге Алланың нұры жаусын», «Келініңізге Алла сабыр берсін. Мұндайға көп келіншектер шыдай бермейді», «Алла тағала бізге де сіз секілді бала бақытының қуанышын көруді нәсіп етсін!», «Гүлзира ханым, барлығы керемет! Ешнәрседен қысылмаңыз. Біз керісінше сіздей жаннан қуат аламыз. Сіз секілді болғымыз келеді. Тұңғышыңыз Қайрат ақкөңіл, өте тәрбиелі азамат. Ұлдарыңыздың қызығына тоймай, аман-есен жүре беріңіз» , «Барлығы кермет. Өзіңізге жарасып тұр!» дейді желідегілер


Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге дуэт орындады

Астанада Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған салтанатты кеш өтеді

“Қыз Жібек” ариясын орындаған Салтанат Бақаева тыңдармандарын таңдай қақтырды (видео)

Димаш қытайлық әріптесіне қазақ әнін үйретті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар