Гүлзира Айдарбекова алтыннан маска жасатып жұртты қызғандырды (видео)

Жұма, 8 Қыркүйек , 2017 12:26

Қайрат Нұртастың анасы алтыннан маска жасатып жұртты тамсандырып қойды. Арасында продюсерге қызғанышпен қарап отырғандарын жасырмағандар да болды.

огшло

Сурет: Видеодан скриншот

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда ортаншы ұлын үйлендірген продюсер тойдан кейін бірден бет күтіміне кіріскен-ді. Осыған орай, ол бет терісіне пайдалы алтыннан маска жасатуды жөн көріпті.

“Бет күтімі жайлы осы процедура қатты ұнағандықтан, сіздермен бөліскім келіп отыр… Алтын масканы бір рет жасатқанның өзінде жақсы нәтижесін көріп жатырмын. Ісінулер жоғалып кетті. Терімнің түсі бір қалыпты әрі ылғалды болды…” – деп жазады Гүлзира Айдарбекова видеосының тұсына.

Желі қолданушылары Қайраттың анасына қызғанышпен қарап отырғандарын жасырмады. Көпшілік мұндай масканың бағасын сұраумен болды. “Бір процедураның құны қанша тұрады? Күнде неше түрлі нәрселер жасатасыздар. Не деген рахат еді”, “Қанша екен? Әдемі болып құлпырып жүре беріңіз”, “Ақшаң болса, масканың неше түрі бар. Әдемісіз! Жарайсыз! Өзін күшті күтеді”, “Бұл масканы дұрыс жасап жатқан жоқ”, “Сіздің жас көрінуіңіздің құпияларының бірі осы екен ғой. Шынымен де, нәтиже беретін дүние секілді”, “Қайраттың алтын анасы” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қолаң шашын кесіп тастаған Диана Шарапова жұртты таңқалдырды (фото)

Динара Сәтжан қымбат маркалы “Ягуар” автокөлігін көрсетіп мақтанды (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы “Әйел бақыты” бағдарламасының не себепті жабылғалы жатқанын түсіндірді

Қайрат Нұртастың інісі әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар