Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова: Жолдасымды клипке түгілі, суретке түсіруге рұқсат жоқ

Жақында “Махаббат деген” атты бейнебаянын жарыққа шығарып, шығармашылығына өзгеріс енгізген Гүлнұр Оразымбетова тыңдармандарын таңғалдырған еді. Өнер иесі алғаш рет романтикалық бейнебаянда басты рөлді сомдап, өзге қырынан танылды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

оразымбетова гүлнұр

Клиптегі Гүлнұр мен актер Азиз Бишеналиевтің арасындағы сезімге сеніп қалған көпшіліктің ойы сан саққа жүгірген. Тіпті, Оразымбетованы күйеуімен ажырасып кетіпті деп жатқандар бар. Бұл сұрақтың жауабын Гүлнұр 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында берді.

“Менің жолдасым мемлекеттік қызметкер. Сондықтан ол кісі бейнебаянға түгілі, суретке де түспейді. Мен тек өзімнің жұмысыма қатысты дүниелерді әлеуметтік желілерде жариялай аламын. Отбасылық құндылықтар, ол кісімен, балалармен суреттерді жариялауға рұқсат жоқ. Сондықтан, бейнебаян тіпті талқыланбайтын дүние. Ол кісіден рұқсат сұрап, біз адамдарды таңдадық. Көп адамдар байқап жатыр, бейнебаянға түскен актер Азиз Бишеналиев менің жолдасымның жас кезіне қатты ұқсайды. Жолдасым туралы сұрақ қоймай-ақ қойсаңыздар да болады”, – дейді Оразымбетова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау