Гүлназ Жоланова әріптесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланова! Дәл осы актер мен актрисаның инстаграмдағы әр постын жіті қадағалап отыратын желі қолданушылары, оларды әлдеқашан жұптастырып үлгерген! Алайда, осы уақытқа дейін екі жастан мардымды жауап болмаған-ды!

НТК арнасына сұхбат берген жұлдыздар арадағы қарым-қатынастың ақиқатын айтуға әзір.

«Біз видео түсіргенбіз кавер Тамара Асардың «Ренжімеші» атты әніне. Содан кейінгі болжамдар шығар», – дейді актриса Гүлназ Жоланова.

«Одан кейін жақсы араласып кеттік бірге жұмыс істегеннен кейін. Соны бір-екі жерде көріп қалған болуы керек, қазір күнде жазады. Бірге жүресіздер, бірге тұрасыздар деген сияқты нәрсе ғой», – дейді Аян Өтепберген.

Бірақ, бұл таныстық екі жастың сезімін селт еткізбесе де, жиі жүздесіп, тіпті оңашада серуендеуге септігін тигізген. Мәселен, Аян мен Гүлназ наурызда Тайландқа бірге аттанса, сәуір айында табиғат аясында серуендеп, тіпті шілденің басында Қапшағайда қыдырып қайтқан суреттерін желіге қатар жүктеген. Алайда, Аянның айтар өз ақиқаты бар!

«Екеуміздің барған күніміздің арасында 5 күн бар айырмашылық. Ол сол күні барып түскен. Бес күннен кейін мен барғанмын деген сияқты. Соны барып қосып жібергенде, екеуі бір күнде барды деп. Бірақ, шынын айту керек, ондай арамызда ештеңе жоқ!» – деп түсіндірді Аян.

Бірақ, жуырда Аянның жеке өмірінде жағымды жаңалық болса таң қалмаңыз! Өйткені, жиырма беске келген жігіттің жанұясында «келін» тақырыбы жиі талқыланатын көрінеді.

«Жақында Төреғали айтып кетті ғой, тойым болады деп. Соны естігеннен кейін үйге келіп түрткілейді ғой әке-шешеміз», – дейді актер жігіт.

Жіберіп алмаңыз:

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

Аша Матай атышулы 91 тобымен болған даудың нүктесін қойды

Сати Казанова италиялық азаматқа жасырын тұрмысқа шықты

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар