Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы “Ростов” клубына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Ақтөбе” футбол клубының қақпашысы Стас Покатилов маусым аралық үзіліс кезінде ресейлік “Ростов” клубына ауысты. Ол ақпан айының басынан бері ресейлік команда сапында қаралымда жүрген болатын.

974986_1426602868

Сурет kff.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Стас Покатилов жаңа командасы сапында Испаниядағы оқу-жаттығу кезеңінде төрт ойынға қатысып, өзін жақсы қырынан танытып үлгерді. “Ростовты” қазақстандықтарға жақсы таныс Құрбае Бердиев жаттықтырады.

“Ростовтың” қақпашылар бапкері Виталий Кафановпен Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында бірге жаттықтым. Ол менің ойыныма қызығушылық танытып, командасына шақырды. Қаралымнан сәтті өткеннен кейін, келісім-шартқа қол қойдық”, – дейді Покатилов.

“Ростов” 23 жастағы Покатиловтың кәсіби мансабындағы төртінші командасы. Ол осыған дейін “Ақжайық”, “Шахтер”, “Ақтөбе” клубтарында ойнады. Қазақстан чемпионатында өткізген үш маусымда 63 матчқа қатысып, 65 гол жіберіп алған. Ал Қазақстан құрамасы қатарына 2015 жылдан бастап шақыртылып, сегіз ойынға қатысқан.

“Ростов” футбол клубы Ресей чемпионатында үшінші орында келе жатыр. Жуырда көрші ел біріншілігінің екінші жартысы басталады.

Талқылау