Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Европа чемпионатының телекөрсетілім кестесі

Ертең Францияда футболдан 15-ші Европа Чемпионаты басталады. Кәрі құрлық турниріне тарихта тұңғыш рет 24 команда қатысады.

crop

Сурет sport.bigmir.net

Чемпионат шымылдығын алаң иелері Франция және Румыния құрамалары 10 маусымнан 11-іне қараған түні ашады. “Қазақстан” және “KazSport” телеарналары барлық матчтарды тікелей эфирде таратпақ. Жалпы 51 матчтың 36-сы “Қазақстан” арнасынан тараса, қалған 15 кездесуді “KazSport” тікелей трансляциялайды. Сондай-ақ, тікелей эфирден соң келесі күні “KazSport” көрермендерге ыңғайлы уақытта қайталап та көрсетеді.

Тікелей эфирді тарату үшін арнайы студиялар жасақталған. Жоба матч басталардан жарты сағат бұрын эфтирге шығады. Көрермендер танымал адамдар мен белгілі спорт шеберлерінің де пікірін тыңдай алады.

“Бізде футболшы қонақтар да болады. Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Қайрат Нұрдәулетов те келеді. Сондай-ақ, өзге саладағы танымал адамдар да шақырылады”, – деді арнаның бас продюсері Асхат Сағынаев.

Алғашқы Румыния-Франция матчын 10-ынан 11-іне қараған түні 00:50 де “Қазақстан” телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Ал трансляциялардың толық кестесі төменде:

10 маусым, жұма

00:50 Франция – Румыния (“Қазақстан”)

11 маусым, сенбі

18:50 Албания – Швейцария (KazSport)
21:50 Уэльс – Словакия (“Қазақстан”)
00:50 Англия – Ресей (“Қазақстан”)

12 маусым, жексенбі

18:50 Түркия – Хорватия (KazSport)
21:50 Польша – Солтүстік  Ирландия (“Қазақстан”)
00:50 Германия – Украина (“Қазақстан”)

13 маусым, дүйсенбі

18:50 Испания – Чехия (KazSport)
21:50 Ирландия – Швеция (“Қазақстан”)
00:50 Бельгия – Италия (“Қазақстан”)

14 маусым, сейсенбі

21:50 Австрия – Венгрия (“Қазақстан”)
00:50 Португалия – Исландия (“Қазақстан”)

15 маусым, сәрсенбі

18:50 Ресей – Словакия (KazSport)
21:50 Румыния – Швейцария (“Қазақстан”)
00:50 Франция – Албания (“Қазақстан”)

16 маусым, бейсенбі

18:50 Англия – Уэльс (KazSport)
21:50 Украина – Солтүстік Ирландия (“Қазақстан”)
00:50 Германия – Польша (“Қазақстан”)

17 маусым, жұма

18:50 Италия – Швеция (KazSport)
21:50 Чехия – Хорватия (“Қазақстан”)
00:50 Испания – Түркия (“Қазақстан”)

18 маусым, сенбі

18:50 Бельгия – Ирландия (KazSport)
21:50 Исландия – Венгрия (“Қазақстан”)
00:50 Португалия – Австрия (“Қазақстан”)

19 маусым, жексенбі

00:50 Швейцария – Франция (“Қазақстан”)
00:50 Румыния – Албания (KazSport)

20 маусым, дүйсенбі

00:50 Ресей – Уэльс (KazSport)
00:50 Словакия – Англия (“Қазақстан”)

21 маусым, сейсенбі

21:50 Украина – Польша (KazSport)
21:50 Солтүстік Ирландия – Германия (“Қазақстан”)
00:50 Хорватия – Испания (“Қазақстан”)
00:50 Чехия – Түркия (KazSport)

22 маусым, сәрсенбі

21:50 Венгрия – Португалия (“Қазақстан”)
21:50 Исландия – Австрия (KazSport)
00:50 Италия – Ирландия (KazSport)
00:50 Швеция – Бельгия (“Қазақстан”)

25 маусым, сенбі

18:50 1/8 финал – бірінші матч (KazSport)
21:50 1/8 финал – екінші  матч (“Қазақстан”)
00:50 1/8 финал – үшінші  матч (“Қазақстан”)

26 маусым, жексенбі

18:50 1/8 финал – төртінші матч (KazSport)
21:50 1/8 финал – бесінші матч (“Қазақстан”)
00:50 1/8 финал – алтыншы матч (“Қазақстан”)

27 маусым, дүйсенбі

21:50 1/8 финал – жетінші матч (“Қазақстан”)
00:50 1/8 финал – сегізінші матч (“Қазақстан”)

30 маусым, бейсенбі

00:50 1/4 финал – бірінші матч (“Қазақстан”)

1 шілде, жұма

00:50 1/4 финал – екінші матч (“Қазақстан”)

2 шілде, сенбі

00:50 1/4 финал – үшінші матч (“Қазақстан”)

3 шілде, жексенбі

00:50 1/4 финал – төртінші матч (“Қазақстан”)

6 шілде, сәрсенбі

00:50 1/2 финал – бірінші матч (“Қазақстан”)

7 шілде, бейсенбі

00:50 1/2 финал – екінші матч (“Қазақстан”)

10 шілде, жексенбі

00:50 финал (“Қазақстан”)

Талқылау