Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Футболдан ӘЧ-2018: Мессидің командасы Хорватия құрамасынан күл-талқан болып жеңілді (видео)
Футболдан Әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші турындағы ойын нәтижесінде Хорватия құрамасы Аргентинаны жеңіп кетті.

Сурет: Чемпионат.com
Бұл туралы Fifa Басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Командалар арасындағы ойын Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтті.
Тартысты ойын 3:0 есебімен аяқталып, Мессидің командасы ойсырай жеңіліп қалды.
Өз кезегінде 6 ұпай жинаған хорваттықтар әлем біріншілігінің play-off кезеңіне жолдама алды.
Ойын барысында алғашқы голды шабуылдаушы Анте Ребич соқты. Екінші гол Хорватия құрамасының капитаны, жартылай қорғаушы Лука Модричке бұйырды. Ал үшінші голды соққан – жартылай қорғаушы Иван Ракитич.
Тартысты өткен ойында жанкүйерлер Мессиден үміттенген еді. Алайда ол өз командасына жеңіс сыйлай алмады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"