Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз кәсіпкері наубайханасын қаңғыбасқа бір еуроға сатқан

Францияның Доль қаласында тұратын кәсіпкер өз наубайханасын үй-күйсіз жүрген адамға бір еуроға сатқан. 2015 жылдың желтоқсанында Мишель Фламан газға уланып өлім аузынан қалған. Со сәтте оған 37 жастағы  Жером Окан көмектесіп үлгерген.

наубайхана

Ол құтқарушыларға бірден хабарласып, 62 жастағы азаматқа алғашқы көмек көрсеткен. Жәбірленушінің сөзінше пештердің біріндегі газ құбыры жарылып, наубайхана ішін алған,-деп жазады lenta.ru сайты.

Кәсіпкер ауруханадан келгеннен кейін үйсіз азаматты алғысы ретінде жұмысқа алған. Оның сөзінше Окан жұмысына ұқыпты әрі тез үйреніп алған. Со сәтте-ақ кәсіпкер осы жұмыс орнын қабілетті шәкіртіне беруге шешім қабылдаған.

«Мені ақша емес  бостандық қызықтырады. Мен демалғым келеді. Өз қалауымды неге жасамасқа? Әрі бұл шешімімнің арқасында Жерома да өзіне жауапкершілік арқалап, іскер болады»,- Дейді Фламан.

2016 жылдың наурызында  британдық Сара Луиза Брайан  кәмпиттердің сыртынан көйлек тіккен еді. Соның арқасында  қымбат әрі танымал бренд Ripleys фирмасына жұмысқа орналасыр алған еді. Тұрғылықты жері жоқ әрі жұмыссыз қыздың фантазиясынан құралған көйлек желі қолданушылары арасында үлкен талқыға түскен еді.

 

 

Талқылау