Францияда бір жасар қыз өмір сүру құрылғысынан ажыратқалы жатқан кезде комадан шыққан
Францияда бір жасар қыз оны арнайы құрылғыдан енді ажыратқалы жатқан кезде комадан шыққан.

Дәрігерлер Марваның енді қайтып өздігінен демала алмайтынына сенімді болған.
Интернетте сәбиге тағы да біршама уақыт бере тұру туралы петиция жазылған. Ал дәрігерлер болса, қызды құрылғыдан ажырату қаржы жетіспеушілігіне байланысты деп түсіндірген. Сондай-ақ, ақ халаттылар бала енді ешқашан тамақтана алмайды және өзге адамның көмегінсіз қозғала алмайды деген.
Қыркүйек айында комаға түскен сәбиді қараған дәрігерлер, оның жүйке жүйесі қатты зақымданған деген диагноз қойған еді. Дәрігерлер қызды 22 қараша күні оның өмірін сақтап тұрған аппараттан ажыратуға дайындала бастаған. Алайда сәби кенет комадан шығып кетіп, есін жинайды. Мамандардың айтуынша, қыздың жағдайы содан кейін оңала бастапты.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде