Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Францияның Тулуза қаласында өз балаларына Жиһад деген есім берген ата-ананың әрекетіне қатысты сот басталды.

Бұл туралы BFM TV телеарнасы хабарлайды.

Сәби 2017 жылдың 2 тамызында дүниеге келген. Оның ата-анасы баласының құжатын дайындай бастағанда, қала билігі нәрестенің есіміне қатысты алаңдаушылық білдіреді. Ақырында билік бұл туралы ел прокуратурасына хабарлау туралы шешім қабылдаған.

Мемлекеттің азаматтық кодексінің 57 бабына сай, ата-анасы баласына кез-келген есім бере алады, бірақ ол “баланың қызығушылығына” сай болуы тиіс. Ал қала билігі болса бұл жағдайда аталмыш ереже ескеріліп отырған жоқ және есімі келешекте баланың өзіне қиындық тудыруы мүмкін деп есептейді.

“Жиһад” сөзі араб тілінен аударғанда “күрес” деген мағынаны береді. Алайда бұл сөз соңғы уақытта мұсылмандардың радикалдық исламды қалқан етіп соғыс жүргізуіне қатысты қолданыла бастады. Француз телеарнасының ақпаратынша, ата-анасы баласына Жиһад есімін бергісі келгені алғаш рет емес екен, бірақ істің сотқа дейін жетуі тұңғыш рет болып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Мысыққа ұқсап туған мутант-бала жұртты шошытты (фото, видео)

Қан алдырудың қаупі: Хиджама қан шығарамын деп жан шығармай ма?

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар