Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциялық шыны мен темір жеп тамақтанады

Францияның Гренобль қаласының тұрғыны Мишель Лотитоның тамақтану тәсілі өте ерекше екен.

24957-6-tem_r_zheg_sh__ru

Сурет: ufonews.su 

Ол күнделікті тағам ретінде пардон, әйнектер мен металлдарды жейді. Иә, ол шын мәнінде осылай тамақтанады екен. Ол үрдісі 1959  жылдан басталса керек. Гастроэнтерологтар оның бұл әдісіне таңғалғандарын жасырмайды. Ол ақсақал тіпті бір күнде бірнеше келі қатты металлдарды жеуден тайсалмайды екен.

Өз елінде оның лақап аты  – Monsieur Mangetout, яғни Барлығын жейміз деген мағынада. Оның өз сөзіне сенсек, 1966 жылдан бері 18 мотоцикл, 15 тележка сонымен қатар, супермаркеттің сөрелерінен  екі төсек пен екі шаңғы және аздаған коллориясы бар самолет  пен компьютер жепті.  1997 жылдың қазан айына дейінгі жеген темірлерінің салмағы 9 тоннаға жеткен.

Талқылау