Франция соты қазақстандық олигархтарды алаяқтық бойынша іздестіріп жатыр
Еуропалық Airbus компаниясында Қазақстанмен байланысты тергеу ісі бойынша тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл ақпаратты Астана арнасына концерн баспасөз қызметі растап отыр.
Mediapart веб-сайтының ақпараты бойынша, тінту жұмыстары 2010 жылы Қазақстанға сатылған тікұшақтар мен спутниктерге байланысты іс аясында жасалған.
Қазір Францияда осы келісім кезінде заңсыз жүргізілген 8,8 миллион еуро төлемге қатысты тергеу- тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Концерннің топ-менеджерлері өткен айда куәгер ретінде тергелген. Бұл іс 2014 жылдан бастап көтеріліп, әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Тергеушілер заңсыз келісім жасалған істе Францияның экс-президенті Николя Саркози мен Қазақстандық бірнеше олигархтың қатысы болуы мүмкін деп күдіктенуде. Франция соты бұл істі әрі қарай тергеп-тексеруді жалғастыратын болады.
Талқылау

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
Кей ата-аналар мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты

"Әр адам қай тілде сөйлесе де, өзі біледі": Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны жұмысын тоқтатты
Қазақстандықтар қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны басшысы үстінен шағым түсірді