Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank теннистен Ұлттық паралимпиадалық команданың ресми серіктесі болды

ForteBank 2024 жылға арналған Paralympic Sports Association қоғамдық қорына демеушілік көрсетіп, теннистен Ұлттық паралимпиадалық команданың ресми серіктесі атанды. 

"Paralympic Sports Association қоры іске асырып жатқан идеялар мен жобалар мүмкіндігі шектеулі жандарды жаңа жетістіктерге шабыттандырып, Қазақстандағы паралимпиадалық ойындарды дамытуға бағытталған. Қор соның ішінде теннистен паралимпиадалық ойындарды дамытуға және осы бағытта түрлі іс-шараларды өткізуге назар аударады. Бұл жалпы еліміздегі осындай спорттық шаралардың қалыптасуындағы маңызды кезең. Біз үлкен мақсатқа жету жолында қорға қолдау білдіргенімізге қуаныштымыз", - деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Paralympic Sports Association – ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектердің оңалту жұмыстарын, әлеуметтік дамуын, спортпен шұғылдануын ұйымдастыратын қор. Мұнда иппотерапия, паралимпиадалық спортпен шұғылдану, емдік дене шынықтырумен айналысу, рефлексотерапия, массаж және т.б. қызметтер алу мүмкіндігі қарастырылған.

"Біз үшін ForteBank сияқты еліміздің ең ірі банкі қолдау көрсетіп, теннистен Ұлттық паралимпиадалық құраманың ресми серіктесі болғаны өте маңызды. Осындай мәселеге бей-жай қарамайтын компаниялардың арқасында елдегі паралимпиадалық ойындарды дамыта аламыз деп сенеміз", - деді Paralympic Sports Association қорының бас директоры Сергей Селиванов.

2022 жылдан бастап Қазақстан теннис федерациясы елімізде арбадағы ойыншылар теннисі мен бейімдегіш бағыттағы теннисті насихаттау мен дамытуға көңіл бөлуде. Осы бағытта алғашқы чемпионат пен ҚР кубогы өткізілген еді. Биыл арбадағы ойыншылар арасындағы теннистен Қазақстан Кубогы екінші рет өтті. Ал біріншісі 2023 жылдың наурыз айында ұйымдастырылған болатын. Арбадағы ойыншылар арасындағы теннис – ресми паралимпиадалық спорттың бір түрі.

Талқылау