Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forbes әлемдегі ең бай модель арулардың тізімін жария етті (фото)

Биылғы жылы Инстаграм арқылы танымал болған супермоделдердің саны едәуір артты. Соған қарамастан бразилиялық Жизель Бундхен көштің басын берер емес. Ол бәсекелестерінің алдын табатын табысы бойынша орап кетіп отыр.

5138

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Оның табысы 30 пайызға төмендегеніне қарамастан бір жыл ішінде 30,5 миллион долларды қалтасына басқан.

Forbes журналы ең бай модель арулардың тізімін жариялады. Алға ұзағандардың бірі Кендалл Дженнер 2015 жылдың маусым айынан бері 10 миллион доллар табыс тапқан.

Кардашьяндар отбасының өкілі де өзгелерден қалысатын емес. Әлеуметтік желідегі танымалдылығы мен Estée Lauder косметикалық брендімен жасаған келісім-шартының арқасында оның табысы бір жылда бір жарым есеге артқан.

Victoria’s Secret моделі Карли Клосс Кендал Дженнермен бірге үшінші орынды бөлісіп тұр. Олардан кейін 9 миллион табысы бар фотомодель Джиджи Хадид өкшелейді. Екінші орында тағы бір бразилиялық – Адриана Лима. Ару көп уақыттан бері Victoria’s Secret, Maybelline косметикалық, Vogue Eyewear көзілдірік және IWC сағат брендтерімен серіктес болып келе жатыр.

Ал Миранду Керр мен Кару Делевинді басып озған Роузи Хантингтон-Уайтли байлардың тізіміне алғаш рет еніп отыр.

1. Жизель Бундхен — 30,5 миллион доллар

1375

Жизель Chanel, Carolina Herrera, Pantene брендтерімен келісім-шартқа отырған. Бразилиялық модель Vogue британиялық журналының мұқабасына алғаш рет 1998 жылы шыққан және сол уақыттан бері өзінің бәсін төмендетпей, мықтылар қатарынан бір сәтке де түспей келеді. 2004 жылдан бері ең қымбат модель арулардың көш басында. Ол америкалық футболшы Том Брэдимен некеде, екі балалары бар.

2. Адриана Лима — 10,5 миллион доллар

2237

Ол 2000 жылдан бері Victoria’s Secret-тің “періштелерінің” біріне айналған. Бұл арудың да екі баласы бар. NBA баскетболшысы Марко Яричке тұрмысқа шыққанымен, жұп 2014 жылы ажырасып кетті.

3. Кендалл Дженнер — 10 миллион доллар

3174

Ким Кардашьянның туысының жасы небәрі 20-да. Алайда сырт келбетінің арқасында күреп ақша табатын сылқымдардың қатарынан ойып тұрып орын алады.

4. Карли Клосс — 10 миллион доллар

4144

Victoria’s Secret-тің бұрынғы моделі ақшасының көп бөлігін Carolina Herrera-мен орнатқан келісімінің арқасында алды. Ал мамыр айында Миранду Керрді алмастырып, Swarovski-дің жаңа бейнесіне айналды.

5. Джиджи Хадид — 9 миллион доллар

5138

Ару қыз Maybelline, Tommy, Evian, BMW және Topshop-пен жасаған келісім-шарттарының арқасында бай моделдер тізімінің бестігіне еркін еніп отыр. Бала кезінде оның отбасы реалити-шоуға қатысып, Джиджи сол уақыттан бастап көпшіліктің көзіне түскен.

6. Роузи Хантингтон-Уайтли — 9 миллион доллар

6134

Модель 2012 жылы M&S-пен біріге отырып өзінің Autograph ішкиімдер желісін шығарды. Бүгінде оның аясы кеңейіп, қатарына парфюмерия, спорттық киім және декоративті костюмдер кіреді.

7. Кара Делевинь — 8,5 миллион доллар

7121

Модель және бүгінде актриса болған подиумға көп шыға бермейді. Алайда YSL Beauty, Burberry және TAG Heuer-лермен жасаған келісімдері оның алғашқы ондыққа кіруіне мүмкіндік берді. 24 жастағы британиялық бірнеше фильмге түсіп үлгерген.

8. Кэндис Свейнпол — 7 миллион доллар

8117

Ол осы биікке жетемін дегенше ұзақ жолды жүріп өткен. Оңтүстік Африка Республикасында туған Кэндис, қазір сән әлемінің танымал тұлғасына айналған. Модель бизнесі саласындағы әріптесімен отау құрған ол қазір сәби күтіп жүр.

9. Лю Вэнь — 7 миллион доллар

9105

2013 жылы ару Forbes тізіміне кірген алғашқы азиялық модель атанды. 27 жастағы қытайлық қазір Нью-Йоркта тұрады және Estée Lauder және La Perla брендтерімен жұмыс істейді.

10. Миранда Керр — 6 миллион доллар

1085

Австралиялық сұлулық байқауындағы алғашқы жеңісіне 1997 жылы 13 жасында қол жеткізеді. Қазір оның актер Орландо Блумнан туған бір ұлы бар. Ал жақында ол Snapchat негізін салушы Эван Шпигелмен қарым-қатынасы туралы жария етті.

Талқылау