Флоридадағы төтенше жағдай аумағында 100-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек , 2017 17:01

Мұнда күшті желмен қоса жауын да селдетіп тұр. Соның салдарынан Майами қаласының біраз ауданын су басты.

Ирма-Флорида-1

Кейбір жерде судың биіктігі жарты метрден асады. Дүлей дауылдың кесірінен шаһарда құрылыс краны құлаған. Абырой болғанда ешкім жапа шеккен жоқ. Штаттың 3 млн-нан астам тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24 арна.

Жергілікті билік: «Кейбір жерде электр энергиясын қалпына келтіру үшін кемі бір апта кетеді», – деп отыр. 6,5 миллионға жуық тұрғынға эвакуация туралы ескерту жасалды. Табиғат апаты штаттағы үшінші ірі шаһар Тампа мен Сент-Питерсберг шипажайлы қаласына қауіп төндіріп тұр. Негізі бұған дейін осы «Ирма» Кәріб бассейні елдерінде ойран салып, 30-ға жуық адамның өмірін қиған болатын.

«Флорида штатында бірнеше жүздеген отандастарымыз болуы мүмкін. Бірақ, олардың басым бөлігі апат аймағынан кетіп үлгерді. Сонда қалғандар, штаттан шыға алмағандар немесе қалуға шешім қабылдағандар арнайы үй-жайларға орналастырылады. Олардың көбімен біздің елшілік арасында байланыс орнатылған», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов телефон арқылы Қазақпарат тілшісіне.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Латыншаға көшкеннен кейін төлқұжат ауыстыруға тура келе ме?

Zhanga aelipbi: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша әріптер қалай таңбаланады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар