Фируза Шариповаға өзге елдің атынан шығу үшін 1 млн доллар ұсынған
Кәсіби бокстан әлем чемпион Фируза Шариповаға Токиода өтетін Олимпиадаға өзге елдің атынан шығуды ұсынған.
Фото : astanatimes.com
Бұл туралы “Фируза Шарипованың бокс қорының” баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Азияда Фируза аса танымал. Оны көретін аудитория көп. Ол Сингапурде өткен көрмеге де шықты. Спортшыға екі ұсыныс түсті. Бірі бұрынғы кеңестік мемлекет, бірі Азия елінен. Екінші ұсыныста Фирузаға қатысқаны үшін 1 млн доллар төлейтіндерін айтты. Ол үшін өзге елдің туын көтеріп, намысын қорғау керек болды. Этиканы ұстанып, бұл қай ел екенін айтпай-ақ қояйын. Себебі Фируза ойланбастан бас тартты”, – деді менеджері Сергей Завилейский.
Айтуынша, чемпион тек Қазақстан атынан шығып, өз елінің намысын қорғайды.
“Қазір біз Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазақстан чемпионатын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алу керек. Олимпиада күз айында Ресейде өтеді. Қазір спортшы қызымыз Ресей құрамасының бапкерімен дайындалып жүр. Оның дайындығы Олимпиаданың барлық кезеңінен өтуге көмектеседі деп ойлаймын”, – дейді Сергей Завилейский.
Айта кетейік, чемпионның өзі 2020 жылы Қазақстанды Олимпиадада танытқысы келетінін бірнеше рет айтқан болатын. Ол алдымен кәсіби рингте абсолютті әлем чемпионы болғысы келетінін жеткізді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.