Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фин ғалымдары ауадан тамақ жасай бастады

Фин ғалымдары ауадан алынатын су мен көмірқышқылдан жеуге жарамды ақуыз түйіршіктерін жасап шығаратын құрылғы ойлап тапты. Өнертапқыштардың пікірінше, аталған құрылғы жер бетінде аштықтың алдын алады.

15019105103973130638_1000x669

Бұл туралы шетелдік АЗЕРТАДЖ басылымы хабарлады.

«Тәжірибелік тұрғыдан қарайтын болсақ, ақуызды тағамның бұл түрін жасауға қажетті заттың барлығы ауаның құрамында бар. Болашақта осы технологияның негізінде жасалған құрылғыларды шөл далаға немесе аштық болу қаупі бар Жердің басқа да аймақтарына орнатуға болады. Сондай-ақ, бұл құрылғыны үйге орнатып, қажет жағдайға қолданған абзал», – дейді Лаппеэнранта (Финляндия) технологиялық университетінің ғалымы Юха-Пекка Питканен.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығының өзге өнімдерімен салыстырғанда, өнімнің бұл түрін өсіру үшін арнайы құнарландырылған жердің қажеті жоқ.

«Бұл ақуыздарды автоматты режімде өсіре аламыз және ол үшін арнайы пестицидтер мен токсинді тыңайтқыштарды қажет етпейміз. Бұл арқылы айналаның ластануы мен жылыжайлық газдардың бөлінуін алдын алуға болады», – деп атап өтті Юха-Пекка Питканен.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық туркомпания стюардессалардан кейін пилоттарды да “шешіндірді” (видео)

Facebook қолданушылары бұрынғы өшіп кеткен хабарламаларын аша алатын болды

Швейцарияда 17 жастағы жасөспірім басқарған ұшақ апатқа ұшырады

Жапонияда еріп кетпейтін ерекше балмұздақ шығарылды

 

Талқылау