Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филипп Киркоров «Муз-ТВ — 2016» байқауының барлық жүлдесінен қағылды

 Ұйымдастырушылар әншінің өткен жылғы өтінішін орындап, оны ешқандай конкурсқа қатыстырмаған.

филипп

Бұл туралы lifenews.ru сайты жазды.

«Жылдың үздік орындаушысы» атанған Киркоров 2015 жылы ұйымдастырушыларға өзінің жолын жас әншілерге беретінін айтқан.

Алайда 49 жастағы әншінің бұл шешімін көпшілік әзіл деп қабылдаған еді.  2016 жылғы  байқауда әншінің есімі бірде бір жерде аталмаған.

«Муз-Тв» арнасының директоры Арман Давлетяров Филипп Киркоровтың шешіміне сыйластықпен қарайтынын айтып, салтанатты шара кезінде «төбе көрсетеді деп үміттенемін» деді.

«Үздіктердің қатарында Филипп Киркоровтың есімі болмайды. Біз әртістің шешіміне сыластықпен қараймыз»,-деді Давлетяров.

 

 

Талқылау