Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фарида Жолдасова армандаған махаббаты туралы бар сырын айтты

Өнерлілер отбасында дүниеге келіп, Елбасының алдында бала кезінен ән салған Фарида Жолдасова қазір бойжеткен ару. Өнерде де өзінің орны бар әнші. Алайда, бойжеткен жиі сұхбат бере бермейтін әншілердің қатарынан. Бүгін алғаш рет stan.kz тілшісіне сыр шертті.

–  Фарида, сәлем. Әңгімемізді шығармашылық жаңалықтардан бастайықшы…

–   Қазір жаңа әндер жазылып жатырмын. Әзірге, қандай бағытта, қандай тақырыпта болатынын құпия қалдырайын. Көзді  ашып-жұмғанша жаңа жылда келіп қалады. Соған орай, жаңа жылдық түсірілімдер мен гострольдік сапарлар басталды.

–  Жуырда Исамен жазылған дуэттеріңіз хитке айналған сияқты. Бұл дуэт қалай дүниеге келді?

–  «Диалог» әніне дуэт жазу туралы ұсыныс Исаның тарапынан болды. Бірнеше ай бұрын Иса Алимұсаның продюсері маған хабарласып ұсыныс білдірді. Алғашқыда әкем аса ұнатпады. «Үнемі дуэт айта  бересің бе? Жеке шығармашылыққа кіресейік» деп іске кірісе бастадық. Бірақ, Исаның өтінішін ескеріп, әнді тыңдап көрсек керемет екен. Сөзі де, әні де өзара үйлесім тапқан туындыны студиядағы ағаларым өздері жазып, өңдеп, әкемнің шілдеде өткен жеке кешінде тұсаукесерін жасадық. Кейін асықпай бейнебаян түсіріп, көрерменге ұсындық. Қазір ғаламтордағы қаралымы бір миллионнан астам екен. Яғни, өз тыңдарманын тапқан жұмыс болды. Бұл мен үшін үлкен қуаныш әрі бақыт. Қазіргі таңда телевизиялық шерулердің ондығында жүр.

– «Қуыршағым» деп ән салған Фарида қыз қазір бойжетті. Әндерінің тақырыбы да махаббатқа ауыса бастады. Ал, өмірдегі Фариданың қиялындағы махаббат қандай болу керек?

–   Шыны керек, мен махаббат, қыз –жігіт туралы әңгіме айтып, сұхбат бергенді аса ұнатпаймын. Қыз бала үшін ыңғайсыздау тақырып. Бір ғана нәрсе айтқым келеді, мен үшін нағыз махаббат символдары өзімнің ата – анам. Ол кісілердің махаббаттары сонау мектеп кезінде бастау алған. 2018жылы ол кісілердің отау құрғандарына 35 жыл болады. Осындай тұрақты, адал әрі сыйластыққа құрылған махаббатты армандаймын.

–    Инстаграмда теріс пікір жазушылар көп пе? Қалай қабылдайсыз?

–    Инстаграмда теріс пікір жазушылар кездеседі. Бірі киген киіміме, бірі әніме, бірі түріме тиісіп жатады. Оларға ашуланып, бекер шаршап, жүйкемді жұқартпаймын. Бірден блокқа қоя саламын. Сол пікір жазған адамдардың парақшаларын қарасам кіп-кішкентай қыздар немесе үлкен балалы-шағалы тәтелер болып шығады. Өздері жетістікке жете алмағандықтан, өзгенің жеңісін көре алмайды деп ойлаймын. Маған ақыл айтатын жанымда жанашырлар өте көп. Сондықтан, сырттан келген негативтерді бірден өшіріп тастаймын.

Оқи отырыңыз:

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

 

Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айттыҚазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ

 

 

Талқылау