Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фанаттары Қайрат Түнтековке Apple-дің қымбат ноутбугын сыйлады (видео)

14 ақпан күні Қайрат Түнтеков 32 жасқа толған туған күнін атап өтті. Төрт жылдан кейін сахнаға қайта оралған әншіге сүйікті тыңдармандары ерекше сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ерекше дауыс иесі Қайрат тыңдармандарын қатты сағындырды. Бірнеше жыл бойы ел көзінен тасада болған әншіге жұрт жаппай хат жазып, сахнаға оралуын сұраған. Инстаграмм арқылы келген толассыз хаттар легі Қайратты өнерге оралуға қайта шабыттандырса керек-ті.

Бүгінде Қайрат бақытты. Жол апатынан кейінгі қарызынан құтылды, қайта сахнаға шықты. Тіпті, отандық жобаға қатысып, тағы бір мәрте жеңімпаз атанды. Көңіліне қаяу түскен әншіні тыңдармандары қуантудан жалықпайды.

Күні кеше бір топ фанат Қайраттың туған күніне Apple-дің қымбат макбугын сыйға тартты. Қатты қуанған әнші тіпті айтарға сөз таба алмай, тыңдармандарына деген ризашылығын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Қайраттың құпиясы: Айдарбекова ұлын таныту үшін қандай амал-айлаға баратынын айтты

Жұлдыздар тойға апаратын ақша, бағалы көйлектері мен гаухар тасты бұйымдары жайлы (видео)

Өскеменге келген Голливуд жұлдыздары мешітке барып, жұртпен бірге дұға оқыды

Шоқан Маратұлы “есеппен үйленген” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау