"Эйр Астана" ұшағы Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонды
«Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан –Мәскеу бағытындағы ұшағы Ресей астанасындағы Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонды. Оған ақау бойынша датчиктің іске қосылуы себеп болған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Растаймын. Әуежайдың барлық шұғыл қызметі жұмылдырылды», - дейді әуежайдың өкілі.
360 телеарнасының мәліметінше, Airbus-A320 ұшағы шұғыл түрде қонған. Бортта 139 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болыпты. Ешкім зардап шеккен жоқ.
РБК мәліметінше, Шереметьево әуежайының баспасөз қызметінің жетекшісі Роман Генис ұшақтың шұғыл қонуына датчиктің қозғалтқыштың тоқтауы туралы сигнал беруі себеп болған.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”