Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Евровидение-2017» байқауының жеңімпазы анықталды (видео)

Киевте «Евровидение-2017» халықаралық байқауының ақтық сайысы өтті. Португалиялық Сальвадор Собрал дәстүрлі ән додасының жеңімпазы болды.

1494249394

Финалда 9 және 11 мамыр күндері Киевте өткен екі жартылайфиналдық кезеңдерден сүрінбей өткен 20 әнші, сондай-ақ «Евровидение»-нің негізгі бес спонсор елі – Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италияның және байқауды қабылдаушы ел – Украинаның өкілдері бақ таластырды.

Байқаудың шешуші кезеңін қазақстандықтар «Хабар» теларнасынан тікелей эфирден тамашалады.

Букмекерлер бірінші орынды финалға автоматты түрде өткен италиялық Франческо Габбани иеленетіндігін болжаған еді. Олардың пайымынша, екінші орынды Португалия әншісі Сальвадор Собрал, ал үшінші орынды 17 жастағы болгарлық Кристиан Костов алуы тиіс болатын.

Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Португалия өкілі Сальвадор Собрал жеңіп алды – 758 дауыс.

Екінші орын Кристиан Костовқа бұйырды – 615 дауыс.

Байқау шарттарына «Евровидение-2018» жеңімпаз мемлекетте, яғни – Португалияда өтеді.

Талқылау