Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Евровидение-2017” байқауының ең жас қатысушысын қазақ атасы мен әжесі тәрбиелеген (видео)

Болгарияның атынан “Евровидение-2017” байқауына қатысатын 17 жастағы Кристиан Костовтың анасы баласының шыққан тегі туралы әңгімелеп берді.

bfcadbdcd634052c2900f263677f8706

Бұл туралы Ц-1 порталы хабарлады.

Конкурстың жас қатысушысында қазақтың да қаны бар екен. Ол Мәскеуде туып-өскен. Әкесі Константин – болгар, ал анасы Заура – қазақ. 1985 жылы анасы Мәскеуге институтқа оқуға түсіп, сол жақта қалып қояды.

“Кристианды музыкаға баулыған үлкен ұлым – Даниел. Мен оған үнемі “Кристиан – сенің жобаң” деп айтып отырамын”, – дейді Заура. Оның сөзінше Кристиан қазақша түсінеді. Мәскеуде ол бизнеспен айналысып жүрген кезде баланы қазақ атасы мен әжесі тәрбиелеген. Отбасы қазіргі таңда Заураның немере әпкелері Аруна және Әселмен араласып тұрады. Кристианның өзі Қазақстанда екі рет болған, соңғы рет 2008 жылы табан тіреген екен. Жасөспірімді көбінесе Қазақстанның биік таулары мен ұлттық асханасы таңғалдырған.

3cca94d669400325317f1056ca16094d

“Ұлым Евровидениеге дайындалып жатыр, күніне 6-8 сағаттан дайындық жасайды”, – деді анасы.

“Евровидение-2017” байқауы Киевте өтеді (финал 13 мамырда). Байқауда Кристиан Котов “Beautiful Mess” композициясын орындамақ. Ол бұған дейін “Непоседа” ұжымында ән салған. Ал 2013 жылы “Голос” балалар байқауына қатысып, Дима Биланның қарамағында дайындалған.

Евровидение Киев қаласында 9-13 мамыр аралығында өтеді. Оған Ресейді қоспағанда 42 ел қатысады. Ресейлік әнші Юлия Самойлова аннексияланған Қырым мәселесіне байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Қазақстандықтар Костов үшін дауыс бере алмайды: Астананың Евровидениеге қатысу туралы келіссөздері әлі жалғасып жатыр.

Ал Қазақстанда бұл конкурсты “Хабар” арнасы тікелей эфирде таратпақ. Телетрансляцияның басталуы Астана уақыты бойынша сағат 01:00-ге жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

Димаштың концертіне 6 күн ішінде 7 мың билет сатылып кеткен

Жасырын түсірілгнен Жұлдыз Өмірғали мен Айқынның той видеосы шықты (видео)

Қайрат пен Төреғали “Меломендіктердің” эстафетасын қабыл алмады

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?

Талқылау