Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Европаның ірі ритейлер-компаниясы Қазақстан нарығына жол тартты

Тұрғын үй салуға арналған тауармен айналысатын Leroy Merlin компаниясы Қазақстан нарығына да ене бастады. Adeo Groupe компания тобының президенті Дэвид Глассон мен Алматы әкімдігінің инвестрлерге қызмет көрсету орталығы келісім шарт жасасты.

30.04.15_leroy

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Құрылыс аумағы 16 500 шаршы метрді құрайтын үш супермаркеттің бірін 2016 жылдың төртінші жартысында бастап, 2018 жылдың басына қарай бітіру көзделіп отыр. Гипермаркет «Aport Mall» ойын-сауық сауда үйінің ауданында салынбақшы. Компания аталған құрылысқа 10 миллиард теңге бөлмек. Гипермаркетте 350 жұмысшы тұрақты қызмет ететін болады.

Екінші гипермаркет 2020 жылға дейін Алматы-Қапшағай жолының бойында, үшіншісі Құлжа жол бойында салынады деп жоспарланып отыр.

Францияның Leroy Merlin компаниясының гипермаркеттері Испания, Италия, Бразилия, Қытай сынды барлығы 12 елде салынған. 2002-2014 жылдар аралығында компания Ресей нарығында 820 миллион евро инвестициялады. 2015 жылға қарай Ресейде 16 мың жұмысшы қызмет көрсететін 39 дүкен ашылды.

Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың ақпан айында Қазақстанда тұңғыш рет Carrefour деп аталатын гипермаркет ашылмақ. Ал, алдағы уақытта McDonalds тез тамақтану мейрамханасын ашу жоспарда бар.  Өткен айда Starbucks кофейні ашылған болатын. Мұндай халықаралық маркалардың елімізде қызмет көрсетіп жатқаны, «Ұлт жоспары – жүз нақты қадам» жоспары аясында орындалып жатыр.

Талқылау