Eurowings ұшқышы 90 жолаушыны неге «ұмытып» кеткенін түсіндірді
Eurowings компаниясы ұшағының ұшқышы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткен. Ол қалада түнгі ұшуларға салынған тыйым күшіне енгенге дейін әуе кемесін ұшыруға асықты, деп хабарлады авиажелісінің өкілі, деп жазды РИА Новости.

Бұдан бұрын Eurowings компаниясының ұшағы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткені жайлы хабарланған болатын. Ұшаққа жолаушыларды 2 автобуспен жеткізу керек болған. Бірінші автобустағы 40-тай жолаушы бортқа мініп үлгерген. Алайда екінші автобуста болған 90 жолаушы ұшаққа мінбеген.
“Ол (ұшқыш – ред.) Дрезденге жолаушылардың бір бөлігін жеткізу үшін келісім бойынша ертерек ұшты”, – деген Eurowings өкілінің сөздерін Rheinische Post басылымы келтірді. Авиажелісінің өзге өкілінің айтуынша, сағат 21.49-да ұшуға дайын болмаған ұшақтарға әуеге көтерілуге тыйым салынған.
Басылым деректеріне сәйкес, борттың ұшуы екі сағатқа кешіккен. Ол жергілікті уақытпен сағат 19.05-те ұшырылады деп жоспарланған болатын.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық