Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада тоналған қазақстандық бойжеткеннің еліне қайтуына көмек берілді

Қазақстандық қыз Динара Қалымның елге оралуына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170621124829

Бойжеткен өзін тонап кеткені жайында желідегі парақшасында хабарлаған еді. Ол Венгрия астанасы Будапешттен Қазақстанға қайтпақ болған.

«Будапештте тек бір түн түнеп, ертеңінде қайтпақ едім. Бірақ, ол жақтағы Wizzair авиакомпаниясы мені рейстен түсіріп жіберді. Бұған екі нәрсе себеп болды: біріншіден, менің Испаниядағы ҚР елшілігінен алған жасыл анықтама мен екіншіден рейске тіркелу үшін 80€ ақша төлеуіміз керек болатын. Менде ол кезде 5€ ғана қалған еді, рейсте мүлде тамақ бермейтіндіктен, оған су сатып алып ішуді ойлап отырғанмын», – дейді Динара.

Будапештте 4 күн аялдаған отандасымызды такси жүргізушісі Қазақстан елшілігіне жеткізіп салады.

«Желбіреген Көк ту менің көңіліме үміт отын ұялатып, кіре берістегі апайдың «Сіз кімге?» деген сұрағы тіпті қуантып жіберді. Мен басыма іс түскенін айтып бердім. Не дейін? Бір сөзбен, мені сол жақта қайыршыға айналып кетуден Венгриядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қызметкерлері құтқарып алды! Маған көмек қолын созғанымен қоса, 4 күн бойы Будапешттегі шығынымды өтеп беріп, үйге орналастырды. Сөзбен жұбатты. Мен өмірімде осындай адамдарға кезіккеніме шын жүректен қуаныштымын. Тіпті консул мені әуежайға дейін шығарып салды. Әлбетте, оларға ауртпалық салғанымды білемін. Десе де, оларға зор алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе, Абай Досалиев пен консул Әзиз Қалдыбековке көп рахмет айтамын. Осындай адамдармен танысқаныма мақтанамын», – деп жазды Динара.

Тағы да оқыңыз:

Түлектердің ата-анасы грант шешімдеріне келіспейді: Білім министрлігі қандай жауап қатты

Тараз тұрғыны грант қорытындысында шикілік барын айтты

Алдағы күндері -2 градусқа дейін күн суытады

Анджелина Джолидің қазақстандық сыңары өзін көшеде ұрып кеткенін айтты

Талқылау