Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық одаққа мүше елдер бір біріне қару алып жүруге рұқсат бермек

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір-біріне қызметтік қару мен аңшы мылтығын емін-еркін тасымалдауға рұқсат етпек. Яғни, Қазақстан азаматтары Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейге рұқсатсыз қару алып өте алады, деп хабайлайды КТК.

20167721e4fda23da6b7621e5774f48d

Тек қарудың Ішкі істер министрлігі берген құжаты болса жетіп жатыр.  Аталған 5 елден қосымша рұқсаттың керегі жоқ. Сәйкесінше, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары да елімізге қызметтік, күзет компанияларына, банктер мен ірі мекемелерге тиесілі қарулар мен аңшы мылтығын еркін әкеледі. Қазірдің өзінде жыл сайын 700-ге жуық шетелдік Қазақстанға аң ату үшін келеді екен.

Сондай-ақ, қарудың иесі басқа мемлекетке көшсе де шекарашылар қосымша құжат сұрамайды. Ал қарудың 16 түрін тасымалдауға тыйым салынған. Олардың тізімі әзірге жарияланған жоқ. Жаңа құжатты бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті талқылап, жалпы отырыста қарауға жіберді.

“Сіздің құжатыңыз бар ғой рұқсатыңыз. Осы Евразиялық мемлекеттердің арасында осы келісім бойынша жүруге болады. Қызметтік қарулар бар, жеке қару да бар, әсіресе аңға баратын қаруға байланысты. Рұқсатсыз жүрісі осы келісім бойынша”, – дейді Сенат депутаты Дархан Қалетаев.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық отбасы 8 бала өсіріп, тағы бес баланы жетімдер үйінен асырып алған

Оралда әкесі ұлы мен әйелін өлтірген азаматтың айыптылығына сенбейтінін айтты

Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды өгей әкесі өлтірген болуы мүмкін

Талқылау