Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ессіз ғашық болған қыз өз әкесінің өліміне күдікті азаматпен бірге тұрып жатыр

Аустралияда Сальваторе Ротироти есімді азамат 30 жыл бұрын соққыға жығылып, көз жұмған. Оның өліміне күдікті ұсталған. Алайда куәгерлер өз жауабынан бас тарта бастағандықтан, полиция оны бостауға мәжбүр болыпты. Оның өліміне қатысты іс сол күйі ашылмаған.

Ессіз ғашық болған қыз өз әкесінің өліміне күдікті азаматпен бірге тұрып жатыр

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Марқұмның қызы Мария Ротироти өз әкесінің өліміне күдікті азаматпен 8 жылдан бері бірге тұрып жатыр. Ол бұл әрекеті үшін қысылмайды да. Ал оның отбасы бұл туралы біліп, қайран қалған. Қыздың ағасы Винс таяуда оның жеке өмірі туралы біліп, қатты ашуланыпты.

30 жыл бұрын белгісіз біреу Сальваторенің ұлдарының бірі кепілге алып, 100 мың доллар көлемінде ақша сұраған. Әкесі барлық шарттарға келіскен. Алайда ол ақшаны берген кезде қылмыскер одан да көп ақша беруін талап етеді. Бұл кездесудің соңы Сальваторенің өлімімен аяқталды. Арада 3 апта өткеннен кейін полиция оның өліміне негізгі күдікті ретінде 21 жастағы Винс Зангазиді тұтқындады. Алайда іс сол күйі ашылған жоқ. Себебі куәгерлер өз жауабынан бас тартып, кейбірі тіпті басқаша сөйлеген. Осылайша Винс бостандыққа шықты.

Ессіз ғашық болған қыз өз әкесінің өліміне күдікті азаматпен бірге тұрып жатыр

«Егер әкем бұл туралы білсе, көрінде бір аунап түсетін шығар. Өз әкесінің өліміне күдіктелген адаммен қалай бір шатыр астында тұруға болады?» – дейді Винс Ротироти.

Десе де Мария өз әрекеті үшін ұялмады. Ол ғашығымен бірге Сиднейдің шет аумақтарына қашып кетіп, есімін өзгертіп тастаған.

Сальваторенің өліміне қатысты кез-келген ақпарат үшін сыйақы тағайындалған. Ал Зангази әлі күнге дейін күдікті ретінде қаралып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр