Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады
4 қаңтарда Астананың бірқатар көшелерінің бойындағы үйлерде электр қуаты өшіріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
Атап айтқанда, Көктал-2 кенті, Ұлытау, Қызбел, Жарқайын, Бостандық, Амантоғай, Маятас, Орғай мен Шантөбе көшелерінде сағат 10:00 мен 13:00 аралығында электр энергиясын сөндіру жоспарланған. Себебі «Астана-РЭК» АҚ жаңа қондырғыны іске қосады.
Бұдан бөлек, Пушкин көшесі бойында орналасқан 2, 2/1, 4, 6 мен 6/1 үйлерінде тоғыз сағат бойы (09:00-18:00) жарық болмайды. Ол жерде трансформаторлық қослқы станцияны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Тағы оқыңыз:
Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды
Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады
Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді
11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды
Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
