Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткіге ұқсайтын дәрі ішкендер соттала ма? Денсаулық сақтау вице-министрі жауап берді

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Алексей Цой бүгінгі мәжіліс отырысында химиялық құрамы есірткіге ұқсайтын дәрілерді ішкен азаматтар мен осы препараттарды әдейі есірткі ретінде қолданған қылмыскерлерді қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Есірткіге ұқсайтын дәрі ішкендер соттала ма? Вице-министр жауап берді

Қорғаныс министрі Қалмұханбет Қасымов өз кезегінде бұл мәселеге қатысты сауалға денсаулық министрлігі өкілдері ғана жауап бере алатынын айтып, сауалды вице-министр Алексей Цойға бағыттады.

«Құрамы есірткіге ұқсайтын дәрілер тек белгілі бір шарттар бойынша беріледі. Яғни осы дәрінің берілуіне қатысты нақты талаптар болады. Оларға еркін қол жеткізу мүмкін емес және бұл процесті ІІМ бақылап отырады. Басты мәселе диллерлерге қарсы әрекет ету болып отыр. Яғни жаңа заң жобасына сәйкес, үкіметте белгілі бір дәрілердің тізімі болады», – дейді Алексей Цой.

Алайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин вице-министрдің бұл жауабына қанағаттанбады. Мәселенің басқада болып отырғанын айтып, түсінікті етіп жауап беруді сұрады.

«Алдымен, үкіметке берілген тізіммен тексереміз. Сондай-ақ, азамат есірткіге ұқсайтын дәріні ішуі үшін белгілі бір тексеруден өтуі керек болады», – деп қысқа қайырды вице-министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау