Есік қаласындағы қыз зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 9:17

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында әйел зорлау ісіне  қатысы бар соңғы күдікті қолға түсті.

4-7

Ол 1994 жылғы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті қалада таныстарының үйінде жасырынып отырған. Атышулы істі анықтау үшін Талдықорғаннан Алматы облысы ІІД басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мәсімов келді.

Осыған дейін  үш күдікті ұсталған болатын, олар жергілікті тұрғындар: немере ағайынды – 1984 жылы туған Ербол Е., мен 1987жылы туған Алмаз Е., сондай-ақ 1994 жылы туған Асхат. Б., олар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген әйелдің анасы –  Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті. Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.

ҚР ҚК 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Сако
4 ай 22 күні кері

Кызыл бала -болашак ана. Кызыл баланы корлау -кеширилмес куна. Ер адамдарды курметтей тутканымыз кайда? Ер азаматтар бир жерлерине ие болсын! Бир саттик лаззат , кызык ушин бир тагдырды кор кылдындар!Хайуаннан асып тустиндер! Кыздарга корган болайык! Сырткы жаудан коргар калкан болайык!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар