Ешкім біліп туған жоқ: Жұлдыз Әбдікәрімова телеарнадағы жаңа қызметі жайында

Жұлдыз Әбдікәрімова жүргізетін “Шаңырақ” бағдарламасының эфирге шыққанына да төрт күн болды. Осы уақыт аралығында көрермен қауыммен үш мәрте тікелей эфирде жолыққан Жұлдыз бүгінге дейін жаңа қызметіне қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Оған “жұмысымды дұрыс атқара алдым ба” деген күдік себеп болыпты.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Шыны керек, парақшама салуға жүрексіндім, ұялдым десе де болады. Себебі тікелей эфирдің тізгінін ұстап, аяғына дейін алып шығу оңай болған жоқ (бастан аяқ қобалжу сезім үстінде болдым). Оның үстіне телевизия саласына алғаш қадам бастап, бірден 80 минуттық тікелей эфирдегі бағдарламаға кірісіп кету үлкен жауапкершілік”, – деп бастады сөзін Жұлдыз.

Әбдікәрімова бұл тақырыпқа қатысты арнайы пост жазбағанымен, желіде халық тарапынан айтылған сынға назар салған. Алайда Instagram-да жазылған пікірлердің ішінде орындысы да, орынсызы да бар.

“Дегенмен, барлық айтылып жатқан ой-пікірлерді ескеріп, алдағы уақытта Shanyraq-тың белсенді көрермендерінің үмітін ақтаймын деген сенімдемін. Ешкім тәжірибелі маман болып тумайды. Көш жүріп үйренеді емес пе?” – деп ақталды Жұлдыз.

Бұл орайда Әбдікәрімова бағдарламаның жарыққа шығуына атсалысқан кәсіби мамандарға, “Шаңырақ” бағдарламасының ұжымына, қолдау көрсеткен ата-енесі мен жары Қайрат Нұртасқа алғысын білдірді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар