Ешқашан күн батпайтын жердегі ораза жайлы білесіз бе?

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 18:55

Аллаға мойынсұнған мұсылмандардың барлығы қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, Жаратушысының мейірімінен үміт етуде. Бес парыздың бірі саналатын оразада таңнан күн батқанға дейін ас пен судан, жұбайымен жақындықтан тыйылу шарт.  Алайда күн ешқашан батпайтын қала мұсылмандары не істемек?

5033f29a15883

Финляндиядағы Рованиеми қаласы Солтүстік поляр шеңбері сызығының маңында жатыр. Қыс ортасында бұл финдік қала түнекке оранса, жаз мезгілінде күн нұрына шомылады. Бірақ мұндағы күн ұзақтығы  Шах Жәлел Масуд Миах сияқты ауыз бекітетін мұсылмандар үшін қиындық туғызады.

28 жастағы ер адам осыдан 5 бұрын жыл мемлекет астанасы Хельсинкиден 830 шақырым қашқтықта жатқан Рованием қаласына ақпараттық технологиялар саласында білім алу мақсатында Бангладештен көшіп келген. Ол 21 сағат бойына ас-су ішпеген. Бұл жағдайдың өзі жүзіне күлкі үйірілген Масудты өмірге деген разылық пен қуаныштан ажырата алмайды.

«Мұнда қараңғы түспейді. Күн әрдайым тас төбеде. Соның салдарынан уақытты ажырату қиынға соғады», – дейді ол.

Сағат тілі түнгі 11-ді көрсетеді, ал күн көкжиектен енді ғана батып барады. Аспан қою көк түске енді. Түнгі уақыттағы қараңғылық тек осымен шектеледі. Енді 5 сағаттан кейін көкжиектен қайтадан күн көтеріледі.

Масудтың айтуынша, фин уақытымен ауыз бекіту қиын әрі адамды шаршатады. Алайда қаншалықты ашығып, қалжырасаң да, Финляндиядағы ұзақ күнде ораза ұстау жаныңда рахатқа бөлейді.

Тығырықтан шығар жол

Десе де ауыз бекіту уақытын қысқартуға болатын мүмкіндік те жоқ емес. Ол үшін күннің шығар, батар уақыттарын Финляндияның оңтүстігінен орын алған мемлекеттердегі уақытқа сай есептеу керек. Жергілікті имам әрі Ислам қоғамының президенті, дәрігер Абдул Маннан пәтуа берер екі мектептің барын айтады.

«Египет ғалымдарының сөзінше, егер күннің ұзақтығы 18 сағаттан асса, онда Мекке, Мәдинадағы немесе таяу мұсылман мемлекеттеріндегі уақыт бойынша ораза ұстауға болады. Ал Сауд Арабиясы ғалымдары күннің ұзақ не қысқалығына қарамастан жергілікті жердің уақытына сай ауыз бекіту керектігін айтады»,- дейді Маннан.

Дәрігер Маннанның сөзі бойынша, Еуропа мұсылмандарының көпшілігі Меккедегі не Финляндияға жақын орналасқан мемлекет Түркияның ораза кестесіне сәйкес ауыз бекітеді.

Ауыз бекіту үшін ораза кестесін таңдау Лапландиялық университет қызметкері Нафиса Есминге оңайға соқпаған. Ғалым жұбайымен және екі баласымен осыдан 6 жыл бұрын Финляндияға көшіп келген екен.

Оның скандинавия стиліндегі кең асүйінен қуырылған пияз, дәмдеуіштер мен чили соусының иісі аңқиды. Нафиса ауызашарға ас әзірлеу қамына кіріскен. Тіл үйірер ас дайындай жүріп, ол мұнда көшіп келген жылдарындағы алғашқы оразасы жайлы сөз қозғады.

Ол кезде Нафиса фин  уақыты бойынша ораза ұстауды жөн көріп, 20 сағат бойы нәр татпаған.

«Біраз уақыттан соң шыдай алмайтынымды түсіндім. Сөйтіп Мекке уақыты бойынша ауыз бекіте бастадым. Дегенмен кейде Алла құлшылығымды қабыл ете ме екен деп алаңдаймын», – дейді ол.

Қиындықтар мұнымен шектелмейді

Мемлекет билігі көбіне босқындарды мемлекеттің солтүстігіндегі шалғайда жатқан Рованиеми тәрізді қалаларға жібереді. Бұл жерлерде күннің ұзақтығы мұсылмандар үшін жалғыз қиындық емес.

Көбіне қала тұрғыны 60 мыңнан асатын қаладағы дүкендердің бірде-бірі Ислам талаптарына сай халал тағамдар сатпайды. Халал тағам алуға болатын жақын жер – қаладан 300 км қашықтықта жатқан Оулу қаласы. Оған қоса шведтік Лулеодан қажет тағамыңды алуға болады. Алайда ол үшін шекарадан өту қажет.

Есмин Лулео қаласынан тағам алуды жөн санайды. Рованиемиден Лулеоға жету үшін автокөлікпен 6 сағат жүру керек. Сатып алатын заттар тізімінде – құрма, қара ноқат, күріш крекерлері және халал ет.

Әрине, оларға Рамазан айына толығымен жетерліктей тамақ сатып алуға тура келеді. Оған дәлел – Есминнің тоңазытқышындағы адал етке толы жеті тартпа.

Есмин мен Масудқа бұл қалада тұрған ұнайды. Олардың сөзінше, тұрғылықты халық қонақжай әрі өзге діндегілердің діни ғұрыптарын ерекше сыйлайды.

Дегенмен олар негізгі діни мерекелерде отбасы, жақын туыстар мен достарыңнан алыста болу оңай еместігін мойындайды.

«Бұрын бәріміз күн батқанын күтіп, бірге ауыз ашатын едік. Енді жалғыз өзім ауызашарды күтемін. Бұл жерде өмір бірқалыпты, мейрамның лебі де сезілмейді. Өзіме әлдененің жетіспейтінін сеземін», – дейді Масуд Миах.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар