Есентаева ұйымдастырған жарыс жеңімпазының өнері жұрттың жүрегін тебірентті (видео)
Баян Есентаева бұл жолы өзінің жаңа жобасы Жарқынай Ханайымның “Махаббатым” әнін орындаушыдан да әдемі шырқайтын талант иесін ел арасынан іздеген еді. Инстаграм желісінде жүрген сайыстың жеңімпазы бүгін анықталды. Ол Толғанай есімді сұлу. Толғанайдың дауысын тыңдаған жұрттың барлығы сайыстың әділ жүргенін айтып, таза талант иесін құттықтап жатыр.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Өзін желіде Толғанай Пазылақын деп таныстырған бойжеткен Есентаеваның тапсырмасы бойынша желіге “Махаббатым” әнінің өз нұсқасын былайша орындап, жүктеген еді.
Видео опубликовано Толғанай Пазылақын (@toha_tosya_tosik)
Видео опубликовано Толғанай Пазылақын (@toha_tosya_tosik)
Жеңімпазды алдағы уақытта Есентаеваның жобасы ретінде көруіміз де мүмкін. Бірақ, қазірге продюсер ешқандай жоспарымен бөліскен жоқ. Ал Толғанайдың желідегі парақшасын қарап отырып, кәсіби музыкамен айналысып жүргенін түсінуге болады.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды