Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева өздерін “Ұры” дегендерден кешірім сұрауларын талап етуде

Gakku телеарнасы  “Алау” тобының “Гүл әпше” атты бейнебаянын Youtube видеолар желісінен мүлдем алып тастады. Бұл күні кеше “Гүл әпшенің” 30-жылдардағы румын әнінің көшірмесі болып шыққанымен байланысты болса керек. Топтың продюсері Баян Есентаева  музыкалық арна осы әрекеті үшін өздерінен кешірім сұраулары керек деп ашулануда.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шыққанына небәрі екі күн болған бейнебаянға бола “Алау” тобының басы дауға қалды. Өйткені Gakku телеарнасы әннің плагиат екенін алғашқылардың бірі болып байқап қана қоймай, бейнебаянды көрсетілімнен алып тастады. Ал продюсер бұл жағдайды инстаграмдағы парақшасында: “Бізді сынап, қанша сөксеңіздер де, қуаныштың мерейі үстем болмақ, сондықтан біз әлі трендтеміз. Айтпақшы бізді @gakkutv ұрыларлар деп жөнсіз айыптады, біле білсеңіздер ешкім де бұл әнді біздің авторлар жазды деп айтпаған болатын”, – деп аталған әннің 100 жылдан бері айтылып келе жатқандығын, бір әнді қайталап айтып қана қоймай, оған тың дүние қосудың плагиат емес, кавер деп аталатынын да жазды.

1

Бұдан өзге продюсер тиісті адамдардың кешірім сұрауы керек екенін, аталған бейнебаянды қайтадан ютюб видеолар желісіне салып қоятынын айтты. Дәл қазір бейнебаян Youtube желісінде тұр.

Бір ғасырға жуық тарихы бар әнді көп әнші орындап үлгерген. Тұңғыш болып бұл әнді 30-шы жылдары Мария Лэтэрэцу атты әнші орындаған. Соның ішінде Баян Мақсатқызы атап өткен Эдит Пиаф та бар.

2

“Алау” тобы аталған бейнебаянды Шымкент қыздарына арнаған болатын.

Бұдан өзге Румын мәдени орталығының мүшесі жақында елімізге келіп, Баян Есентаевамен сұхбат жүргізетінін хабарлаған. Орталық мүшелері өз кезегінде Gakku арнасына қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

Талқылау