Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева «КешYOU» солисінің биге икемсіз екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева “КешYOU” тобының жаңа бейнебаян әзірлеп жатқанын хабарлады. Мұнымен қатар, аталған топ мүшесі Жұлдыз Өмірғалидің бір кездері расымен биге икемі болмағанын айтты.

ZHana-kuram2-768x509 (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өткен жылы құрамы толықтай өзгерген “КешYOU” тыңдармандарына тосынсый әзірлеп жатыр. Әр кез жаңа образымен таңқалдыратын топтың таңдауы ерлер стиліне түсті. Бұл жолы олар аспа бауы бар шалбар киіп, түрлі би элементтеріне толы бейнебаян түсіріп жатыр.

2

“КешYOU” тобының солисі Жұлдыз Өмірғали осыдан бір жыл бұрын топқа келген кезде билей алмайтын. Мұны халық талқыға салып, ауыр сөздермен сынаған болатын. Бұл туралы продюсер “Осыдан бір жыл бұрын Жұлдыздың биге икемі жоқ болатын. Осы үшін қаншама опық жеді?! Балағат сөздер айтылып, жек көретіндерін жеткізді, негативті пікірлер де айтылды. Тіпті есіме де алғым келмейді. Сол сәтте барлығынан аз ғана уақыт пен адамгершілік танытуды сұрадым”, – деп әнші Өмірғалиді биге ұзақ уақыт бойы дайындағанын айтты.

3

image

Ары қарай “Дәл бүгін мен судың тасты жібітетінін сенімді түрде айта аламын. Жұлдызды кәсіби бишілерден ажырату мүмкін емес! “КешYOU” өсіп келеді, ары қарай бұдан да жақсы болады. Ал біздің жаңа трек бәрін таң қалдырары сөзсіз”, – деп Баян ханым топ мүшесінің қиындықтарды толықтай жеңе білгенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, “КешYOU” тобының продюсерінің өздеріне айтылған сынға қатысты жауап қатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау