Ержан Максимнің анасы: "Голос. Дети" финалында Қазақстаннан келген хаттар мен қоңыраулардың ешбірі саналған жоқ

Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" байқауының нәтижесімен келісетінін айтты. Айтуынша, Ержанға Қазақстаннан жіберілген дауыс саны есепке алынбағандықтан ұлының екінші орын алып қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

"Барлық бала жақсы өнер көрсетті. Ержан да, Валерий де, Микелла да жақсы ән айтты", - дейді Ержанның анасы Гүлмира Әлібек. 

Айтуынша, Микелланың жеңімпаз атануына оған берілген дауыс саны көмектескен.

"Дәл солай Ержанның достарының, туыстарымыздың, барлық қазақстандықтардың смс-хаттары, қоңырауы есепке алынғанда ұлым да сондай нәтижеге жетер еді. Қазақстаннан хабарласқан қоңыраулар мен смс-хат саналған жоқ", - дейді анасы. 

Алайда дайындық кезінде редакторлар Қазақстаннан келген дауыстың да есепке алынатынын айтқан екен. Финалға бір күн қалғанда бәрі өзгеріп шыға келген.

"Instagram парақшамызда қазақстандықтардан бізді қолдап дауыс беруін өтіндік. Ақтық мәреге бір күн қалғанда Қазақстаннан қоңырау мен хат келуіне болмайды деді. Ресейдің өзінде барлық байланыс операторлары хабарласа алмай жатқанда, бізге не айтуға болады?" - деді Гүлмира Әлібек. 

Естеріңізге сала кетсек, «Голос. Дети» байқауының финалы 26 сәуір күні өтіп, арты дауға ұласқан болатын. SMS дауыс берудің нәтижесі бойынша, байқауда Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда көптеген көрермен бұл қорытындымен келіспейтінін жеткізді. Олардың арасында Ресейдің танымал жұлдыздары да бар

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр