Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Максим мен Микелла Абрамованың әндері жарыққа шықты

Ержан Максим мен Микелла Абрамованың әндері жарыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы Алсудың қызы Микелла Абрамова желідегі парақшасында жариялаған. "Голос. Дети" байқауының алтыншы кезеңінің финалистері жаңа туындыны халыққа ұсынды. "Это любовь" әнін бірге орындаған өнерпаздар енді тыңдарман тарапынан қолдау күтуде.

"Алақай! Біздің дуэтіміз жарыққа шықты. Проюсерге, авторларға және Дмитри Тютлинге алғыс айтамын. Кез келген құрылғыға жүктеп алуға болады", - деп жазды Микелла Абрамова.

Желідегілердің пікірі екіге жарылды. Бірі Ержанды мақтаса, енді бірі Микелла Абрамованың дауысы әлде қайда жақсы екенін айтты.

"Микелла жақсырақ айтады. Дауысы керемет", "Вокалдан Микелла едәуір алдыда", "Микелла әнді сезіммен орындайды", "Ержан неге бұндай адамдармен жұмыс істеуге келіскен?", "Микелланың дауысы өңделген, Ержандікі шынайы", "Әдеттегідей әнді Микелланың дауысына ыңғайлап алған сияқты. Ал Ержанның мүддесі ескерілмеген", - деп жазды желідегілер.

 

Талқылау