Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Жас толқын" байқауында бірге өнер көрсетті (видео)
Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Жас толқын" байқауында бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Голос. Дети" байқауының жеңімпаздары Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Жаc толықын" байқауында "Это любовь" әнін орындады.
Ержан Максим мен Микелла Абрамова жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқауға қонақ ретінде шақырылып, дуэт орындаған. "Голос. Дети" байқауының алтыншы кезеңінің финалистері өзара келісіп, біраз уақыт бұрын "Жаc толқында" өнер көрсетуді жоспарлап, дайындық жүргізген екен.
Жас әншілер өздеріне берілген әнді ойдағыдай орындап шығып, ерекше дауыстарымен көрерменнің ықыласына бөленді.
Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максим және өзге де финалистер "Голос. Дети" байқауының жеңімпазы атанып, қаржылай сыйлыққа қол жеткізген.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”