Ерте қартайған 6 жасар қазақ баласы ағыл-тегіл болып жылады (видео)
Ерте қартайған 6 жасар қазақ баласы кездесу кезінде көз жасын тоқтата алмады. Бұл сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.
6 жастағы Ернардың дертінің негізгі диагнозы – терінің уақытынан бұрын қартаюы. Бұл дерт негізі қан арқылы келеді екен. Яғни баланың аталарында осындай дерт болған болуы мүмкін.
“Басқа елде бала ерекше болса қарым-қатынас мүлдем басқаша…. xалқы қасынан жылы лебізбен күліп өтіп, сәбиді аспандағы жұлдыз етіп сезіндіреді, әр өткен адам жымияды, амандасады, ерекше жанға ерекше құрметпен, сыйластықпен, түсіністікпен қарайды. Өзін осы ғаламда бөтен сезінбей, қарапайым сіз бен бізге ұқсамай ерекше жан екенің сезіндіреді.
Өз балаларын достас, құшақта, дос бол деп үйретеді. Кейде тіпті қағазы мен қаламын әкеліп қолтаңба (автограф) сұрайды. Баланың бір сәтке болсын көңілін көтеру мақсатында.
Біздін ел кем болмасын, біз де Алланың берген ерекше жандарын қолдайтынымызды, қорғайтынымызды сезіндірейік”, – деп жазылған Инстаграмның janym_baklajanym тобында.
“Алла жар болсын! Балалар ауырмасын…Бәріде Алланың колында, Алланың қалауымен!”, “Жүрегім ауырып кетті, балаға да, анасына да оңай емес”, “Балапаным, қайғысын түсініп жылап отырған”, “Кішкентай бөбегім, Аллам сені қолдасын! Күш-қуат берсін! Тәуір болып кетуінді Алладан тілеймін!”, – деп жазды желідегілер.
Үйде ата-анасы тек қазақша сөйлегенімен Ернардың тілі орысша шығыпты. Жасына сай сөйлей біледі. 6 жастағы балаға сай алаңдағы әткеншектермен ойнап, сатыларға өрмелей алады. Тамақты да жақсы жейді екен.
Бұған дейін Ернардың анасы екінші рет ана атануға қорқып жүргенін айтқан еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.