Ернар Айдар жәрдем сұраған науқас қыздың отбасына барып, қажетті заттарын алып берді (видео)

Ернар Айдар желіде өзінен көмек сұраған науқас қыздың отбасына арнайы барып, көмек көрсетті.

Әнші науқас қызға қажетті медициналық жабдығын алып берді.

“Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік. Адамгершілік-тің асқары – айналаға жақсылық жасау, қолдан келгенше қуанту. Ернар Айдар көрермені жазған əр пікірге зейін қойып оқитыны соншалық, жағдайын жазған жас ананың жəне оның отбасының жағдайын білуге тікелей өзі барды жəне құр алақан емес əрине. Қажеттеріне жарап қалар жаңа технологиямен жабдықталған медициналық техникасын ала барды. Балапанның дертіне шипа берсін!”, – деп жазады әншінің фан-клубы.

Қыздың анасы әншіге рахметін, айтып риза болды.

“Рахмет сізге көп-көп кызыма көмектесіп, үйіме келгеніңізге! Алланың нұры жаусын!”, – дейді қыздың анасы.

Желі қолданушылары әншінің қамқорлығына риза болып, алғысын жаудырды.

“Жарайсың, Алла берсін саған, бақытты бол, айналайын, бағың жансын”, “Аллаға сансыз шүкір. Алла сауаптан жазсын. Қуаныш сыйлау құрметтің белгісі. Сəлемдесу амандықтың белгісі. Өмірде берекелі істер көп болсын. Қызы ата-анасының көз қуаныштары болсын. Ернар балам, Алла əр ісіңе береке берсін. Денсаулық ұзақ ғұмыр берсін”,  “Алланың нұры жаусын. Кең болсаң кем болмайсың деген сөз жақсы айтылған ғой”, – деп жазады желі қолданушылары.

#Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік. #Адамгершілік-тің асқары – айналаға жақсылық жасау, қолдан келгенше қуанту. #ЕрнарАйдар көрермені жазған əр пікірге зейін қойып оқитыны соншалық, жағдайын жазған жас ананың жəне оның отбасының жағдайын білуге тікелей өзі барды жəне құр алақан емес əрине. Қажеттеріне жарап қалар жаңа технологиямен жабдықталған медициналық техникасын ала барды. Балапанның дертіне шипа берсін!

Публикация от 🇰🇿 🌟🎤ERNAR AIDAR🎤 🌟🇰🇿 (@ernar_aidar_fan)

Тағы да оқыңыз:

Осы уақытқа дейін үндемей келдім: Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесіне жауап қайтарды

Алматыда рэпер Жан Ахмадиев көшедегі жезөкшелерді қамшымен сабады

Қайрат Нұртас пен ұлының ел алдында фонограмамен ән айтқаны білініп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар